AEG BS9314401M Recipe Book Page 9

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 8
Сөренің орналасуы: 1
Тауықтың жентектелген төс еті
Құрамы:
Тауықтың 4 төс еті, сүйексіз
тұз, бұрыш, паприка және карри ұнтағы
Дайындау әдісі:
Тауықтың төс еттерінің дәм-татымын келтіріп,
шыны шараға салып, құрылғының ішіне
қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 35 минут
Сөренің орналасуы: 3
Cу тартпасына 450 мл су құйыңыз
БАЛЫҚ
Бүтін балық
Параметрлер:
Автоматты ішкі температура сенсоры, ішкі
температура 65 °C градус.
Дайындау әдісі:
Балықты татымына қарай дәмдеңіз де, ішкі
температура сенсорын сұғып, ыстыққа төзімді
табаққа салыңыз.
Сөренің орналасуы: 1
Балықтың қоң еті
Құрамы:
600 - 700 г алабұға, албырт балық немесе
теңіз бақтағының қоң еті
150 г үгітілген ірімшік
250 мл кілегей
50 г нанның жұмсағы
1 шай қасық эстрагон
•ақжелкен, туралған
•тұз, бұрыш
лимон
сары май
Дайындау әдісі:
Балықтың қоң етіне лимон шырынын сеуіп,
тұздықтау үшін қоя тұрыңыз, содан кейін
артық шырынды майлықпен сіңіріп алыңыз.
Балықтың қоң етінің екі жағына да тұз бен
бұрыш жағыңыз. Содан кейін балықтың қоң
етін пешке төзімді майланған ыдысқа
салыңыз.
Үгітілген ірімшік, кілегей, нанның жұмсағы,
эстрагон мен туралған ақжелкенді
араластырыңыз. Қоспаны дереу балықтың қоң
етінің үстіне құйып, сары майдың ұсақ
кесектерін қоспаның үстінен салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 35 минут
Сөренің орналасуы: 2
Нәлім балығы
Құрамы:
800 г кептірілген нәлім балық
2 ас қасық зәйтүн майы
•2 ірі пияз
6 түйір қабығы аршылған сарымсақ
•2 қияқты пияз
6 қызыл бұрыш
1/2 қалбырдағы туралған қызанақ (200 г)
200 мл ақ шарап
200 мл балық сорпасы
бұрыш, тұз, тасшөп, орегано
Дайындау әдісі:
Кептірілген нәлім балықты түні бойы суға
салып қойыңыз. Келесі күні кептірілген нәлімді
сорғытып, таза су құйылған кәстрөлге
салыңыз да, оттыққа қойып, қайнатыңыз.
Содан кейін оттан алып, суытыңыз.
Табаға зәйтүн майын құйып, қыздырыңыз.
Пияздың қабығын аршып, жұқалап тураңыз,
аршылған сарымсақ түйірлерін жаншып,
қияқты пиязды турап, жуыңыз. Барлығын
ыстық майға салып, сәл ғана бұқтырыңыз.
Бұрыштың өзегін алып тастап, жіңішкелеп
тураңыз. Содан кейін туралған қызанағы бар
табаға салыңыз.
Ақ шарап пен балық сорпасын құйыңыз да,
шамалы уақыт баяу қайнатыңыз. Бұрыш, тұз,
тасшөп пен орегано қосып дәмдеңіз де,
табада тағы да 15 минут баяу қайнатыңыз.
Суыған нәлім балықты кәстрөлден алып,
майлық қағазбен құрғатыңыз. Терісін, сүйегі
мен желбезектерінің бәрін алып тастаңыз.
Балықты жаныштап, көкөніс араластырыңыз
да, ыстыққа төзімді табаға салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 30 минут
Сөренің орналасуы: 1
Тұзға салынған балық
Құрамы:
тұтас балық еті, шамамен 1,5 - 2 кг
2 балауыз жағылмаған лимон
1 бас аскөк
4 балғын тасшөп сабағы
ҚАЗАҚ 9
Page view 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments