AEG BS9314401M Recipe Book Page 13

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 12
Пісірме табаққа себуге арналған нан
үгіндісі
Дайындау әдісі:
Сары май, қант, ванильді қант пен тұзды
араластырғыш шараға салып шайқаңыз.
Содан кейін жұмыртқаны бір-бірден қосып,
тағы да шайқаңыз. Қопсытқыш ұнтақпен
араласқан ұнды кілегейлі қоспаға қосып,
араластырыңыз.
Жемісті де қоспаға қосып араластырыңыз.
Қоспаны дайындалған табаққа салыңыз да,
қоспаның жиектерін ортасына қарағанда
шамалы биіктетіңіз. Торттың жиектері мен
ортасын тұтастай бланширленген бадаммен
безендіріңіз. Тортты құрылғыға қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 100 минут
Сөренің орналасуы: 1
Streusel Cake
Қамырға арналған құраластар:
375 г ұн
20 г ашытқы
150 мл жылымшы сүт
•60 г қант
•1 шөкім тұз
2 жұмыртқаның сарысы
75 г жібіген сары май
Үкпеге арналған құраластар:
200 г қант
200 г сары май
1 шай қасық дәмқабық
350 г ұн
50 г ұсақталған жаңғақ
30 г еріген сары май
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп,
ортасынан шұңқыр жасаңыз. Ашытқыны кесіп,
оны сүт және шамалы ұнмен бірге сол
шұңқырға салыңыз да, шұңқырдың шетіндегі
ұнмен араластырыңыз, содан кейін үстіне ұн
сеуіп, жылы жерде себілген ұнда жарықшалар
пайда болғанша тындырып қойыңыз.
Қант, жұмыртқаның сарысы, сары май мен
тұзды ұнның шетіне салыңыз. Құрамдас
бөліктердің барлығын ашытқылы қамырға
қосып илеңіз.
Қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше жылы
жерге қойыңыз. Содан кейін қамыр илеп, оны
майланған пісірме табаққа салып, тағы
көтерілуі үшін тындырыңыз.
Қант, сары май мен дәмқабықты шараға
салып араластырыңыз.
Ұн мен жаңғақтан қосып илеп, үкпе қоспа
жасаңыз.
Көтерілген қамырға сары май жағып, оның
үстінен үкпе қоспаны біркелкі жайыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 35 минут
Сөренің орналасуы: 3
Rich Yeast Plait
Қамырға арналған құраластар:
750 г ұн
30 г ашытқы
400 мл сүт
•10 г қант
•15 г тұз
•1 жұмыртқа
100 г жібіген сары май
Безендіруге арналған құраластар:
1 жұмыртқаның сарысы
шамалы сүт
Дайындау әдісі:
Ұнды араластыратын шараға елеп,
ортасынан шұңқыр жасаңыз. Ашытқыны кесіп,
оны сүтпен және шамалы қантпен, шамалы
ұнмен бірге сол шұңқырға салыңыз да,
шұңқырдың шетіндегі ұнмен араластырыңыз,
содан кейін үстіне ұн сеуіп, жылы жерде
себілген ұнда жарықшалар пайда болғанша
тындырып қойыңыз.
Қалған қантты, жұмыртқаны және сары майды
ұнның шетіне салыңыз. Құрамдас бөліктердің
барлығын ашытқылы қамырға қосып илеңіз.
Қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше жылы
жерге қойыңыз.
Содан кейін қамырды бірдей үш бөлікке бөліп,
әрқайсысынан ұзын өрме созыңыз. Үш өрмені
қосып өріңіз.
Содан кейін оның бетін жауып, көтерілгенше
тағы жарты сағат тындырып қойыңыз.
Өрменің бетіне жұмыртқаның сарысы мен
сүтті араластырып жағыңыз да, содан кейін
құрылғы ішіне қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 50 минут
Сөренің орналасуы: 3
Yeast Plait
Қамырға арналған құраластар:
650 г ұн
20 г ашытқы
200 мл сүт
•40 г қант
ҚАЗАҚ 13
Page view 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments