AEG BS9314401M Recipe Book Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
Шошқаның сирағы
Құрамы:
Салмағы 0,8-1,2 кг шошқаның 1 артқы
сирағы
2 ас қасық өсімдік майы
1 шай қасық тұз
1 шай қасық хош иісті тәтті паприка
1/2 шай қасық насыбайгүл
1 шағын қалбырдағы туралған
саңырауқұлақ (280 г)
көжеге қосатын көкөніс (сәбіз, қияқты пияз,
балдыркөк, ақжелкен)
•су
Дайындау әдісі:
Шошқа сирағының терісін айналдыра кесіңіз.
Өсімдік майын, тұзды, қызыл бұрыш пен
насыбайгүлді қосып араластырып, шошқа
сирағына жағыңыз. Шошқа сирағын қуыратын
қалбырға салыңыз да, үстіне саңырауқұлақты
біркелкі таратып салыңыз. Сорпаға
дайындалған көкөністерден салып, су
құйыңыз; ыдыстың түбінен 10 - 15 мм асыру
керек. Шамамен 30 минуттан кейін қуырылып
жатқан етті аударыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 160 минут
Сөренің орналасуы: 1
Шошқаның жамбасы
Құрамы:
1,5 кг торайдың қол омыртқасы, терісімен
бірге
•тұз
•бұрыш
2 ас қасық зәйтүн майы
150 г жіңішке туралған балдыркөк
1 қияқты пияз, туралған
1 шағын қалбырдағы ұсақтап туралған
қызанақ (400 г)
250 мл кілегей
2 түйір сарымсақ, қабығы аршылып,
жаншылған
балғын розмарин мен тасшөп
Дайындау әдісі:
Торайдың терісін өткір пышақпен ромб тәрізді
қиықтап кесіңіз. Тұз бен бұрыш себіңіз де,
барлық жағы қызарғанша зәйтүн майы
құйылған табаға қуырыңыз, содан кейін алып
шығыңыз. Хош иісті балдыркөк пен пиязды
аздаған май құйып табаға салыңыз, содан
кейін қызанақ, кілегей, сарымсақты, розмарин
мен тасшөпті қосыңыз, барлығын
араластырып, қол омыртқаның үстінен
құйыңыз. Құрылғының ішіне салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 130 минут
Сөренің орналасуы: 1
Қуырылған бұзау еті
Параметрлер:
Автоматты салмақ. 1000 және 3000 г
арасындағы салмаққа арналған параметр
ауқымы.
Дайындау әдісі:
Етті татымына қарай дәмдеңіз де, ыстыққа
төзімді табаққа салыңыз. Ыдыстың түбінен
10-20 мм асырып су немесе басқа сұйықтық
кұйыңыз. Қақпағын жабыңыз.
Сөренің орналасуы: 1
Бұзаудың сирағы
Құрамы:
Салмағы 1,5 - 2 кг болатын бұзаудың 1
артқы сирағы
4 тілім пісірілген ветчина
2 ас қасық өсімдік майы
1 шай қасық тұз
1 шай қасық хош иісті тәтті паприка
1/2 шай қасық насыбайгүл
1 шағын қалбырдағы туралған
саңырауқұлақ (280 г)
көжеге қосатын көкөніс (сәбіз, қияқты пияз,
балдыркөк, ақжелкен)
•су
Дайындау әдісі:
Бұзау сирағын бойлай 8 тілікті айнала кесіп
шығыңыз. Піскен шошқа етінің төрт бөлігін
екіге бөліңіз де, тіліктерге салыңыз. Өсімдік
майын, тұзды, паприка мен насыбайгүлді
қосып араластырып, бұзау сирағына жағыңыз.
Бұзау сирағын қуыратын қалбырға салыңыз
да, үстіне саңырауқұлақты біркелкі таратып
салыңыз. Бұзаудың сирағына сорпаға
дайындалған көкөністерден салып, су
құйыңыз; ыдыстың түбінен 10 - 15 мм асыру
керек. Шамамен 30 минуттан кейін қуырылып
жатқан етті аударыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 160 минут
Сөренің орналасуы: 1
ҚАЗАҚ 3
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments