AEG BS9314401M Recipe Book Page 25

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 24
Күңгірт сыра, қоңыр қант, қызанақ пастасын
және сиыр етінің сорпасын араластырыңыз
да, табаға салып, бір қайнатыңыз. Содан
кейін еттің үстінен құйыңыз (етті жауып тұруға
тиіс).
Қақпағын жауып, құрылғының ішіне қойыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 120 минут
Сөренің орналасуы: 3
Орамжапырақтан жасалған кассероле
Құрамы:
1 орамжапырақ (800 г)
майоран
•1 пияз
қуыратын өсімдік майы
400 г тартылған ет
250 г ұзын дәнді күріш
тұз, бұрыш және паприка
1 литр ет сорпасы
200 мл қаймақ
100 г үгітілген ірімшік
Дайындау әдісі:
Қырыққабатты текшелеп турап, өзегін алып
тастаңыз. Майоран қосылған тұзды суға
салып қайнатыңыз.
Пияздың қабығын аршып, ұсақтап тураңыз да,
аздаған майға сәл қуырыңыз. Содан кейін
тартылған ет пен ұзын дәнді күрішті қосып,
бұқтырыңыз да, тұз, бұрыш және паприка
қосып дәмдеңіз. Еттің сорпасын құйыңыз да,
табаның қақпағын жауып, 20 минуттай баяу
қайнатыңыз.
Табаға қырыққабатты және күріш пен
тартылған еттің қоспасын қабаттап салыңыз.
Тағамның үстіне қаймақ құйыңыз да, оның
үстінен ірімшік себіңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 60 минут
Сөренің орналасуы: 2
Cу тартпасына 300 мл су құйыңыз
ҚОСЫМША ТАҒАМДАР
Жерорта теңізінің көкөністері
Құрамы:
200 г кәді
1 қызыл бұрыш
1 жасыл бұрыш
1 сары бұрыш
100 г саңырауқұлақ
•2 пияз
150 г черри қызанағы
жасыл және қара зәйтүн
Дайындау әдісі:
Көкөністерді жуып, тураңыз. Пияздың қабығын
аршыңыз да, ұзыншалап тураңыз.
Көкөністерді шыны ыдысқа салыңыз. Тағамды
құрылғының ішіне салыңыз. Зәйтүнді тураңыз.
Піскеннен кейін көкөністі татымына қарай тұз,
бұрыш, насыбайгүл және орегано қосып
дәмдеңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 30 минут
Сөренің орналасуы: 3
Cу тартпасына 600 мл су құйыңыз
Көкөністерді дәстүрлі жолмен пісіру
Құрамы/Әдісі:
Төмендегі көкөністерді аралстырып,
татымына қарай дәмдеңіз, жалпы салмағы
750 г.
кольраби, қабығы аршылып, ұзыншалап
туралған
сәбіз, қабығы аршылып, текшелеп туралған
гүлді қырыққабат, жуылған және шоқтарға
бөлінген
пияз, қабығы аршылып, туралған
аскөк, аршылып, туралған
балдыркөк, жуылып, туралған
қияқты пияз, жуылып, туралған
Пісіргеннен кейін:
50 г сары май
бұрыш пен тұзды қажетіне орай
қолданыңыз
Дайындау әдісі:
Көкөністің бәрін торкөз табағы бар, тот
баспайтын немесе шыны шараға салыңыз.
Піскеннен кейін үстіне еріген сары май құйып,
қажет болса, бұрыш, тұз себіңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 35 минут
Сөренің орналасуы: 3
Cу тартпасына 650 мл су құйыңыз
Қызанақтардың қабығын аршу
Дайындау әдісі:
Қызанақтың үстін айқыштап тіліп, буға пісіру
үшін қолданылатын ыдысқа салып, құрылғыға
қойыңыз. Піскеннен кейін қызанақтың қабығын
аршыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 10 минут
Сөренің орналасуы: 3
ҚАЗАҚ 25
Page view 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32

Comments to this Manuals

No comments