AEG BS9314401M Recipe Book Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
Cу тартпасына 150 мл су құйыңыз
Қабығы аршылмаған картоп
Құрамы:
1000 г өлшемі орташа картоп
Дайындау әдісі:
Картопты жуып, буға пісіру үшін
қолданылатын ыдысқа салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 55 минут.
Сөренің орналасуы: 3
Cу тартпасына 800 + 200 мл су құйыңыз
Қайнатылған картоптар
Құрамы:
1000 г картоп
Дайындау әдісі:
Картопты аршып, бірдей төрт бөлікке бөліңіз.
Картоптарды буға пісіру үшін қолданылатын
ыдыстарға салып, тұз салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 40 минут.
Сөренің орналасуы: 2
Cу тартпасына 800 мл су құйыңыз
Тұзды тұшпаралар
Құрамы/Әдісі:
300 г жұмсақ крендель
200 мл сүт
•3 жұмыртқа
2 байлам туралған ақжелкен
2 жұқалап туралған пияз
10 г сары май
тұз, бұрыш, мускат жаңғағы
Дайындау әдісі:
Сүтті ысытыңыз. Крендельді 1 см етіп турап,
үстіне ысыған сүттен құйып, сүт сіңгенше 5
минут қоя тұрыңыз. Жұмыртқаны шайқап,
үстіне қосыңыз. Туралған пиязды сары майға
түсі бозарғанша қуырыңыз да, ақжелкен
қосыңыз. Біраз уақыт суытып қойыңыз да,
крендель қоспасына қосыңыз. Дәмін келтіріп,
барлығын бірге еппен араластырыңыз.
Қоспадан шамамен 6 домалақ жасаңыз да,
жайпақ буға пісіру үшін қолданылатын ыдысқа
салыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 35 минут
Сөренің орналасуы: 2
Cу тартпасына 650 мл су құйыңыз
Күріш
Құрамы:
200 г ұзын дәнді күріш
•50 г жабайы күріш
тұз бен бұрыш
1 кішкене қызыл бұрыш
400 мл сорпа
Пісіргеннен кейін:
1 кіші қалбырдағы тәтті жүгері (150г)
Дайындау әдісі:
Пісірерден жарты сағат бұрын шараға ұзын
дәнді күріш, жабайы күріш, тұз, бұрыш, көкөніс
сорпасы мен суды қосып салыңыз. Бұрышты
кішкене текшелеп турап, күрішке қосыңыз да,
пісіріңіз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 40 минут
Сөренің орналасуы: 2
Cу тартпасына 800 мл су құйыңыз
Пісіргеннен кейін: Тәтті жүгерінің суын төгіп
тастап, піскен күрішке қосыңыз.
Жұмыртқа қосылған крем
Құрамы:
•3 жұмыртқа
100 мл сүт
50 мл кілегей
тұз, бұрыш, мускат жаңғағы
ақжелкен, туралған
Дайындау әдісі:
Жұмыртқаны, сүт пен кілегейді жақсылап
араластырыңыз. Шайқамаңыз. Содан кейін
дәмдеңіз де, туралған ақжелкенді қосыңыз.
Май жағылған шыны немесе фарфор
табақтарға құйыңыз.
Құрылғы ішіндегі уақыт: 30 минут
Сөренің орналасуы: 3
Cу тартпасына 400 мл су құйыңыз
Пісіргеннен кейін: жұмыртқа пісірмесін
ыдыстан алыңыз да, кішкене текшелеп
немесе қиықшалап тураңыз.
АРАЛАС БУЛАУ
Бұл функция арқылы қосымша
тағамдар мен дәмді десерті бар тұтас
тағам мәзірін пісіруге болады.
Бу мәзірі 1
26
www.aeg.com
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32

Comments to this Manuals

No comments