AEG BS9314401M Recipe Book Page 27

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 26
Күріш пен көкөніс қосылған шошқаның сан еті.
Десерт ретінде буға пісірілген капучино торты.
Шошқаның етін пісіруге арналған қоспалар:
1000 г шошқаның қоң еті
тұз, бұрыш, паприка және карри ұнтағы
Күрішке қосылатын қоспалар:
200 г күріш
шамалы тұз
•250 мл су
Көкөністерге арналған қоспалар:
300 г сәбіз
300 г кольраби
300 г гүлді қырыққабат
200 г бұрыш
Капучино тортына арналған қоспалар:
100 г жібіген сары май
•90 г қант
2 жұмыртқаның сарысы
бір ваниль собығының дәні
2 ас қасық жылдам еритін кофе (50 мл
ыстық суға ерітілген)
2 жұмыртқаның ағы
•50 г ұн
50 г жүгері ұны
1/2 шай қасық қопсытқыш ұнтақ
Дайындау әдісі:
Шошқа етін тұз, бұрыш, паприка және карри
ұнтағымен дәмдеп, қызуға төзімді ыдысқа
салып, барлық жағы қызарғанша қуырыңыз.
Құрылғының ішіндегі сөреге қойыңыз да,
бағдарламаны бастаңыз. Күрішті, азғантай
тұзды табаққа салып, су құйыңыз. Буға
пісірілетін капучино тортын дайындаңыз.
Сары май мен қантты қосып шайқаңыз. Оған
жұмыртқаның сарысын, ваниль дәндері мен
кофені қосыңыз. Жұмыртқаның ағына екі
шөкім тұз салып, жақсылап шайқаңыз. Содан
кейін ұн, жүгері ұнын, жұмыртқаның
шайқалған ағын сары май қоспасына еппен
қосыңыз. Қоспаны сары май жағылған кішкене
табақшаларға немесе шыныаяқтарға
салыңыз.
Көкөністерді дайындаңыз. Сәбізді тазалап,
домалақтап тураңыз. Кольрабиді аршып,
домалақтап тураңыз. Гүлді капустаны жуып,
шоқтарға бөліңіз. Бұрышты жуыңыз да, өзегін
алып, таспалап тураңыз. Барлығын бірге буға
пісіру үшін қолданылатын ыдысқа салыңыз.
Дайындау:
40 минут өткеннен кейін дайындалған
табақтарды шошқаның сан еті салынған
құрылғыға қойыңыз да, тағы 40 минут пісіріңіз.
Тамақ пісіп жатқан табақшадағы еттің
сөлінен, қаймақ немесе шарап қосып
тамаша асқатық жасауға болады.
Cу тартпасына 800 + 600 мл су құйыңыз
Бу мәзірі 2
Көкөніс, күріш және гүлді капуста бәлішін
қосып пісірген тауықтың төс еті. Десертке
арналған, бүлдірген қосылған ваниль бәліші
Жентектелген тауықтың төс етіне арналған
құраластар:
Тауықтың 4 - 6 төс еті, сүйексіз
тұз, бұрыш, паприка және карри ұнтағы
Гүлді капуста бәлішіне арналған құраластар:
300 г гүлді қырыққабат
50 г үгітілген қатты ірімшік
•2 жұмыртқа
50 мл кілегей
тұз, мускат жаңғағы
ыдысқа жағатын сары май
Күріштің құраластары:
200 г ұзын дәнді күріш
•50 г жабайы күріш
•тұз, бұрыш
400 мл сорпа
1 кішкене қызыл бұрыш
1 кіші қалбырдағы тәтті жүгері (150г)
Бүлдірген қосылған ваниль бәлішінің
құраластары:
200 мл сүт
200 мл кілегей
1 ваниль собығының дәндері
2 жұмыртқаның сарысы
•3 жұмыртқа
•50 г қант
300 г бүлдірген
2 ас қасық пісте
Дайындау әдісі:
Тауықтың төс етін жуып, суын сорғытыңыз.
Тұз, бұрыш, паприка және карри ұнтағын
қосып дәмдеп, содан кейін қуыратын ыдысқа
салыңыз. Гүлді қырыққабаттың шоқтарын
бөліп, 25 минут буға ұстаңыз да, миксерге
салып езбе жасаңыз. Үгітілген ірімшік,
жұмыртқа мен кілегейден қосып, тұз бен
мускат жаңғағын салып дәмдеңіз. Гүлді
капуста қоспасын жақсылап май жағылған 6
кішкене табақшаға салыңыз. Күрішті
дайындаңыз. Пісірерден жарты сағат бұрын
шараға ұзын дәнді күріш, жабайы күріш, тұз,
ҚАЗАҚ 27
Page view 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32

Comments to this Manuals

No comments