AEG F99970VI1P User Manual Page 13

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 72
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 12
басқанда, бейнебетте қажетті
кешіктіріп бастау уақытының мәні
көрсетіледі. Сағатты таңдап, OK
пернесін қайта басып құптаңыз.
4. Бағдарлама тізіміне оралу үшін
Option пернесін бейнебетте
таңдалған бағдарлама
көрсетілгенше бірнеше рет
басыңыз.
7.3 Multitab
Бұл функцияны тұз, шайғыш зат және
жуғыш заттардан тұратын жуғыш
таблеткаларды қолданған кезде
пайдаланыңыз. Олардың құрамында
басқа да жуғыш немесе шайғыш
заттар болуы мүмкін.
Бұл функция тұзды тиісті үлестіргіштен
шығармай тоқтатады. Бейнебетте
тұзды толтыру туралы хабар
көрсетілмейді.
Осы функцияны пайдаланғанда,
жуғыш таблеткаларды қолданған
кезде жуу және кептіру нәтижелері
жақсы болу үшін бағдарлама уақыты
ұзарады.
Multitab функциясын қосқан кезде,
шайғыш зат үлестіргіші шайғыш зат
үлестіруін жалғастырады. Дегенмен,
шайғыш зат үлестіргіштің
мөлшерлемесін 0 қалпына қойып,
шайғыш зат үлестіру функциясын
сөндіруге болады. Бұл жағдайда
кептіру нәтижесі қанағаттанарлық
болмауы мүмкін.
Multitab функциясы тұрақты
орнатылып тұрмайды, сондықтан оны
әр цикл сайын таңдау қажет.
7.4 TimeSaver
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді.
Жуу және кептіру циклдары қысқарақ
болады. Бағдарламаның жалпы
уақыты шамамен 50% пайызға
азаяды.
Жуу нәтижелері жуу уақыты қалыпты
бағдарламалардағы тәрізді болса да,
кептіру нәтижесі өте қанағаттанарлық
болмауы мүмкін.
TimeSaver функциясы барлық қол
жетімді бағдарламалардың
кейбіреуінде қолданылмайды.
1. Бағдарлама тізімін шарлап,
бағдарламаны таңдаңыз.
2. OK пернесін басып құптаңыз.
Егер TimeSaver функциясы таңдалған
бағдарламамен үйлесетін болса
бейнебетте Жылдам және Қалыпты
деген 2 режим және бағдарламаның
әр режимдегі уақыты көрсетіледі:
Жылдам: TimeSaver қосылады.
OK пернесін басып құптаңыз.
Қалыпты: TimeSaver функциясы
сөндірулі. OK пернесін басып
құптаңыз.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
Құрылғыны ең алғаш іске қосқанда,
тілді міндетті түрде орнату керек.
Ағылшын тілі әдепкі тіл болып
табылады.
1. Тілді орнатыңыз.
Ағылшын тілін растау үшін OK
түймешігін басыңыз.
Қол жетімді тілдердің тізімін
жүгірте қарап, жаңа тілді
таңдап, оны OK түймешігін
басып құптаңыз.
2. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
Егер сай келмесе, су
жұмсартқыштың деңгейін
реттеңіз.
3. Тұз сауытын толтырыңыз.
4. Шайғыш зат үлестіргішін
толтырыңыз.
5. Су құятын шүмекті ашыңыз.
6. Құрылғының ішінде өндіру
барысында қалуы мүмкін қалдық
заттарды тазалау үшін
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
затты қолданбаңыз және
себеттерді толтырмаңыз.
ҚАЗАҚ 13
Page view 12
1 2 ... 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 ... 71 72

Comments to this Manuals

No comments