Aeg S72700DSW0 User Manual Page 8

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 64
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 7
ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
ЖАҢА ТАҒАМДЫ МҰЗДАТУ
Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату
мен тоңазыған және мұздатылған тағамдарды
ұзақ уақыт сақтауға жарайды.
Жаңа тағамды мұздату үшін орташа
температураны өзгертудің қажеті жоқ.
Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз
келсе, температура түймешесін максимум
суықтыққа қою үшін жоғары параметрге
қойыңыз.
Бұндай жағдайда, тоңазытқыш
камерадағы температура 0°C
градустан төмен түсіп кетуі мүмкін.
Бұндай жағдай орын алса,
температура түймешесін жылырақ
параметрге әкеліп қойыңыз.
МҰЗДАТЫЛҒАН ТАҒАМДЫ
САҚТАЙТЫН КАМЕРА
Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ
уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,
камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең
кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы
параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.
Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр
қуаты өшіп, ток техникалық
сипаттамалар кестесіндедегі "көтеру
уақыты" бөлімінде берілген
мәндерден де ұзақ уақыт бойы
қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды
жылдам пайдаланып не дереу пісіріп
алып барып қайта тоңазыту
(салқындатқан соң) қажет.
ЖІБІТУ
Мұздатылған не тоңазытылған тағамды
қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа
арналған уақыттың шамасына қарай отырып,
оны тоңазытқыш ішінде не бөлме
температурасында жылытуға болады.
Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан
алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге
болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты
ұзағырақ болады.
ЖЫЛЖЫМАЛЫ СӨРЕЛЕР
Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді
қалауыңызша орналастыруға арналған
бірнеше бағыттауыш бар.
ЕСІКТІҢ СӨРЕЛЕРІН ОРНАЛАСТЫРУ
Әр түрлі мөлшерде оралған тағамдарды
орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі
биіктікке қоюға болады.
Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:
сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен
тартып шығарыңыз да, қажетті орынға
қойыңыз.
8
www.aeg.com
Page view 7
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 ... 63 64

Comments to this Manuals

No comments