
Кей бағдарламаларда екі
функцияның тек біреуін
ғана орнатуға болады.
7.4 Доп.полоскание
Осы опцияның көмегімен кей жуу
бағдарламаларына шаю циклдарын
қосуға болады, "Бағдарлама кестесі"
тарауын қараңыз.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.5 Пятна/Предварит.стирка
Бағдарламаға дақ және алдын ала жуу
циклін қосу үшін түймешікті басыңыз.
Функцияның біреуін немесе екеуін де
қосу үшін түймешікті қайта-қайта
басыңыз. Дисплейде тиісті индикатор
пайда болады және индикатор жолағы
жанады.
• Выведение пятен: Дағы оңай
кетпейтін кірлерді жуу үшін осы
функцияны қолданыңыз.
Осы функцияны орнатқан кезде,
дақ кетіргішті бөлігіне салыңыз.
Бұл функция бағдарламаның
уақытын ұзартады.
Бұл параметр 40° C
градустан төмен
температурада жұмыс
істемейді.
• Предварит.стирка: Жуу циклінен
бұрын орындалатын алдын ала жуу
циклін қосу үшін осы параметрді
қолданыңыз.
Осы функцияны өте қатты кірлеген
кірді жуу үшін қолдануды ұсынамыз.
Бұл функция
бағдарламаның
уақытын ұзартады.
7.6 Отжим
Төмендегі әрекеттерді орындау үшін
осы түймешікті басыңыз:
• Бағдарламаның айналдыру циклінің
ең үлкен жылдамдығын азайтыңыз.
Дисплейде орнатылған
бағдарламада ғана
қолжетімді айналдыру
жылдамдықтары
көрсетіледі.
• Айналдыру циклін ажыратыңыз.
• Шаюды кідірту функциясын
қосыңыз.
Маталар қыжымданып қалмас үшін
осы параметрді орнатыңыз. Жуу
бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су қалады.
Мыжылуды азайту үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналады.
Есік құлыпталып тұрады. Есікті ашу
үшін суды төгу керек.
7.7 Температура
Әдепкі температураны өзгерту үшін
осы түймешікті басыңыз. Дисплейде
және пайда болған кезде
құрылғы суды қыздырмайды.
8. ПАРАМЕТРЛЕР
8.1 Дыбыстық сигналдар
Дыбыстық сигналдар мына
жағдайларда қосылады:
• Құрылғыны іске қосқанда.
• Құрылғыны сөндіргенде.
• Түймешіктерді басқанда.
• Бағдарлама аяқталғанда.
• Құрылғыда ақау бар кезде.
Дыбыстық сигналдарды сөндіру/қосу
үшін Пятна/Предварит.стирка және
Доп.полоскание түймешіктерін 6
секунд қатар басыңыз.
Егер дыбыстық
сигналдарды сөндірсеңіз,
олар құрылғыда ақау
пайда болған кезде қосыла
береді.
ҚАЗАҚ 15
Comments to this Manuals