AEG KMR761000M User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Керек-жарақтарды немесе ыдыстарды алып-салған
кезде үнемі қолғап киіңіз.
Қандай да бір жөндеу жұмысын орындар алдында
құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Электр қатеріне ұшырамау үшін шамды ауыстырар
алдында құрылғыны сөндіріп қойыңыз.
Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды
немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,
себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Бос тұрған құрылғыны қоспаңыз. Корпустың ішкі
темір бөліктері электр ұшқынын туғызуы мүмкін.
Тағам мен сусындарға арналған металл
сауыттарды микротолқынмен пісірген кезде
қолдануға рұқсат берілмейді. Егер өндіруші
микротолқынмен пісіруге арналған металл
сауыттардың өлшемі мен пішімін көрсетсе, бұл
талапты орындау шартсыз.
Егер есікке немесе есіктің тығыздағыштарына
зақым келсе, құрылғыны білікті маман жөндегенше
іске пайдалануға болмайды.
Білікті маман ғана микротолқын қуатынан
қорғайтын қақпақты алуды қажет ететін техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын іске
асыруға тиіс.
Сұйық заттарды және басқа тағамдарды
тұмшаланған сауытта қыздыруға болмайды.
Жарылып кетуі мүмкін.
Микротолқынды пештерде пайдалануға болатын
ыдыстарды ғана пайдаланыңыз.
www.aeg.com4
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments