AEG KMR761000M User Manual Page 25

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 48
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 24
аяқталған кезде дисплей түнгі
жарықтылық режиміне ауысады.
11.7 Желдеткіш
Пеш жұмыс істеп тұрған кезде, пештің
беттерін салқын ұстау үшін желдеткіш
автоматты түрде қосылады. Пешті
сөндірсеңіз, желдеткіш пеш
салқындағанша жұмыс істеп тұра
береді.
12. АҚЫЛ-КЕҢЕС
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
Кестелердегі температура
мен пісіру уақыттары тек
нұсқау ретінде беріледі.
Олар рецептерге, олардың
құрамының сапасы мен
мөлшеріне байланысты
болады.
12.1 Тұмшапештің арнайы
қыздыру функцияларына
қатысты кеңес
Жылы Ұстаңыз
Тағамды жылы ұстағыңыз келсе осы
функцияны қолданыңыз.
Температура өздігінен 80 °C-қа
реттеледі.
Подогрев Тарелок
Табақтар мен тәрелкелерді жылытуға
арналған.
Табақтар мен тәрелкелерді торкөз
сөреге біркелкі орналастырыңыз.
Жылыту уақытының жартысы өткеннен
кейін оларды ауыстырыңыз (үстіңгі
және астыңғы жағын ауыстырыңыз).
Автоматты түрде орнатылатын
температура 70 °C градус.
Ұсынылатын сөре деңгейі: 3.
Қамырды тындыру
Бұл автоматты бағдарламаны ашыған
қамыр қолданылатын кез келген
рецепт үшін қолдануға болады. Бұл
қамырдың көтерілуіне жақсы әсер
ететін бағдарлама. Қамырды
көтерілуге ыңғайлы үлкен ыдысқа
салып, дымқыл сүлгімен немесе
пластик үлдірмен жабыңыз. Торкөз
сөрені бірінші деңгейге кіргізіп, үстіне
табақты қойыңыз. Есікті жабыңыз да,
функцияны орнатыңыз. Қамырды
тындыру. Қажетті уақытты орнатыңыз.
12.2 Пісіру
Пешіңіз бұрыңғы құрылғыңызға
қарағанда басқаша пісіруі немесе
қуыруы мүмкін. Әдетте қолданатын
температура, пісіру уақыты және
сөре деңгейлері тәрізді
параметрлеріңізді кестедегі
мәндерге сай келтіріңіз.
Алғашқыда төменірек
температураны пайдаланыңыз.
Нақты рецептіге арналған
параметрлерді таба алмасаңыз,
ұқсас біреуін пайдаланыңыз.
Егер торттарды бірнеше сөрелерге
қойып пісірсеңіз, пісіру уақыттарын
10 – 15 минутқа созуға болады.
Кекстер мен пісірілген нандар
басында әр түрлі биіктікте бірдей
қызармауы мүмкін. Бұл жағдай
орын алса, температура параметрін
өзгертпеңіз. Айырмашылықтар
пісіру барысында бір деңгейге
келеді.
Пісіру кезінде тұмшапештегі науа
майысып қалуы мүмкін. Науалар
суыған кезде майысқаны қалпына
келеді.
ҚАЗАҚ 25
Page view 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 47 48

Comments to this Manuals

No comments