AEG BS5831472M Recipe Book Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 32
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
Ашытқыны кесіп, оны сүтпен қоса
шұңқырға салыңыз да, шұңқырдың
шетінен шамалы ұн қосып
араластырыңыз. Үстіне ұн сеуіп, жылы
жерде себілген ұнда жарықшалар
пайда болғанша тындырып қойыңыз.
Жұмыртқа мен сары майды ұнның
шетіне салыңыз. Құрамдас бөліктердің
барлығын ашытқылы қамырға қосып
илеңіз.
Қамырдың көлемі екі есе үлкейгенше
жылы жерге қойыңыз.
Қамыр көтерілгенше пиязды аршып,
төртке бөліңіз де, жіңішкелеп тураңыз.
Беконды турап, пияз қосып қызартпай
баппен пісіріңіз. Салқындатып
қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, майланған
пісірме табаққа салыңыз, түбін
шанышқымен тесіп, жиектерін
биіктетіңіз. Көтерілуі үшін тағы
тындырып қойыңыз.
Жұмыртқа, қаймақ, сүт, тұз және
бұрыш қосып араластырыңыз.
Салқындатылған пияздар мен беконды
қамырдың түбіне таратып салыңыз.
Үстіне қоспаны құйып, бетін тегістеңіз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 45
минут
Сөренің орналасуы: 1
6.3 Киш лорен
Қамырға арналған құраластар:
200 г ұн
2 жұмыртқа
100 г сары май
1/2 шай қасық тұз
аздаған бұрыш
1 шөкім мускат жаңғағы
Үстін безендіруге арналған
құраластар:
150 г үгітілген ірімшік
200 г пісірілген ветчина немесе
майсыз бекон
2 жұмыртқа
250 г қаймақ
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Басқа:
Диаметрі 28 см қара түсті,
майланған пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Ұн, май, жұмыртқа мен дәмдеуіштерді
шараға салып, біркелкі қамыр пайда
болғанша араластырыңыз. Қамырды
бірнеше сағат тоңазытқышқа қойыңыз.
Содан кейін қамырды жайыңыз да,
майланған қара пісірме табаққа
салыңыз. Түбін шанышқымен тесіңіз.
Беконды қамырдың үстінен жайып
салыңыз.
Толтырма жасау үшін жұмыртқа,
қаймақ пен дәмдеуіштерді қосып
араластырыңыз. Содан кейін ірімшік
қосыңыз.
Толтырманы беконның үстіне
құйыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 45
минут
Сөренің орналасуы: 1
6.4 Сырн. открыт.пирог
Құрамы:
Швейцарлық қатпарлы пирожный
қамырының немесе қатпарлы
қамырдың (шаршылап жайылған)
1,5 жаймасы
500 г үгітілген ірімшік
200 мл кілегей
100 мл сүт
4 жұмыртқа
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Дайындау әдісі:
Жақсылап майланған пісірме табаққа
қамырды салыңыз. Қабырдың түбін
түгелдей шанышқымен тесіңіз.
Қамырдың үстіне ірімшікті біркелкі етіп
жайыңыз. Кілегейді, сүт пен
жұмыртқаны араластырыңыз да, тұз,
бұрыш пен мускат жаңғағын сеуіп,
дәмдеңіз. Қайтадан жақсылап
араластырып, үстінен ірімшік салыңыз.
Құрылғының ішіндегі уақыты: 40
минут
Сөренің орналасуы: 1
6.5 Пирожки (30 кішкене)
Қамырға арналған құраластар:
250 г спельта бидай ұны
250 г сары май
250 г майы аз кварк
тұз
ҚАЗАҚ 15
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 31 32

Comments to this Manuals

No comments