AEG BE5731402M Recipe Book Page 3

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 8
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 2
50 г нанның жұмсағы
1 шай қасық эстрагон
ақжелкен, туралған
тұз, бұрыш
лимон
сары май
Дайындау әдісі:
Балықтың қоң етіне лимон шырынын
сеуіп, тұздықтау үшін қоя тұрыңыз,
содан кейін артық шырынды
майлықпен сіңіріп алыңыз. Балықтың
қоң етінің екі жағына да тұз бен бұрыш
жағыңыз. Содан кейін балықтың қоң
етін пешке төзімді майланған ыдысқа
салыңыз.
Үгітілген ірімшік, кілегей, нанның
жұмсағы, эстрагон мен туралған
ақжелкенді араластырыңыз. Қоспаны
дереу балықтың қоң етінің үстіне
құйып, сары майдың ұсақ кесектерін
қоспаның үстінен салыңыз.
Сөренің орналасуы: 2
1.8 Пицца
Қамырға арналған құраластар:
14 г ашытқы
200 мл су
300 г ұн
3 г тұз
1 ас қасық өсімдік майы
Үстін безендіруге арналған
құраластар:
1/2 шағын қалбырдағы туралған
қызанақ (200 г)
200 г үккіштен өткізілген ірімшік
100 г салями
100 г пісірілген ветчина
150 г саңырауқұлақ
(консервіленген)
150 г Фета ірімшігі
орегано
Басқа:
Пісірме табақ, майланған
Дайындау әдісі:
Ашытқыны шараға үгітіп салып, суға
езіңіз. Ұнға тұз сеуіп, араластырыңыз
да, май құйып, шараға салыңыз.
Шараға жабыспайтын қамыр пайда
болғанша құрамдас бөліктерді илеңіз.
Содан кейін қамырдың көлемі екі есе
үлкейгенше жылы жерге қойыңыз.
Қамырды жайыңыз да, майланған
пісірме табаққа салыңыз да, түбін
шанышқымен тесіңіз.
Үстіңгі бетінің құрамдас бөліктерін
берілген ретпен негіздің үстіне
салыңыз.
Сөренің орналасуы: 1
1.9 Киш лорен
Қамырға арналған құраластар:
200 г ұн
2 жұмыртқа
100 г сары май
1/2 шай қасық тұз
аздаған бұрыш
1 шөкім мускат жаңғағы
Үстін безендіруге арналған
құраластар:
150 г үгітілген ірімшік
200 г пісірілген ветчина немесе
майсыз бекон
2 жұмыртқа
250 г қаймақ
тұз, бұрыш және мускат жаңғағы
Басқа:
Диаметрі 28 см қара түсті,
майланған пісірме табақ
Дайындау әдісі:
Ұн, май, жұмыртқа мен дәмдеуіштерді
шараға салып, біркелкі қамыр пайда
болғанша араластырыңыз. Қамырды
бірнеше сағат тоңазытқышқа қойыңыз.
Содан кейін қамырды жайыңыз да,
майланған қара пісірме табаққа
салыңыз. Түбін шанышқымен тесіңіз.
Беконды қамырдың үстінен жайып
салыңыз.
Толтырма жасау үшін жұмыртқа,
қаймақ пен дәмдеуіштерді қосып
араластырыңыз. Содан кейін ірімшік
қосыңыз.
Толтырманы беконның үстіне
құйыңыз.
Сөренің орналасуы: 1
1.10 Лимон торты
Қоспа дайындауға арналған
ингердиенттер:
250 г сары май
ҚАЗАҚ 3
Page view 2
1 2 3 4 5 6 7 8

Comments to this Manuals

No comments