AEG 47345GM-WN User Manual Page 5

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 76
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 4
Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде
қолданбаңыз.
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда,
пісіру алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу
қаупі бар. Пісіру алаңына темір
заттарды, мысалы ас құралдары
мен кәстрөл қақпақтарын қоймаңыз,
себебі олар қызып кетеді.
Құрылғыны пайдаланған кезде оның
іші ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар.
Керек-жарақтары мен кәстрөлдерді
алып-салған кезде қолғап киіңіз.
Құрылғы мен оның қол жететін
жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге қолыңыз
тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас
балаларды үнемі қадағалап
отырмасаңыз құрылғыдан алыс
ұстау керек.
Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда
болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды және/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе
өрт шығу қаупі бар.
Пісіру алаңын қолданып болғаннан
кейін әрқашан "off" (сөндіру)
қалпына қойыңыз.
Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып
немесе мүлде ыдыссыз
пайдаланбаңыз.
Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа және
пештің үстіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ
құласа, оны бүлдіруі мүмкін.
Ыстық ыдысты басқару панеліне
жақын қоймаңыз, себебі қызудың
әсерінен құрылғы бүлінуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасын
бүлдіріп алмас үшін, керек-
жарақтарды алып-салғанда абай
болыңыз.
Шойыннан, құйма алюминийден
жасалған не түбіне бүлінген ыдысты
әрі-бері сырғытсаңыз, пештің үстіне
сызат түсуі мүмкін.
Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына
әсер етпейді.
Құрылғының эмаль қаптамасы
бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
құрылғының табанына ешбір
затты тура қоймаңыз және оны
алюминий фольгамен жаппаңыз;
құрылғының ішіне ыстық суды
тура қоймаңыз;
тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
Тұмшапештің астыңғы бөлігіне
тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда
тек қызуға төзімді заттарды (егер
болса) ғана қойыңыз.
Тұмшапештің бу шығатын
саңылауларын жаппаңыз. Олар
тұмшапештің артқы жағының үстін
ала орналасқан (егер бар болса).
Еріп кетуі мүмкін нәрсені пештің
үстіне қоймаңыз.
Ыдыс кенет қисайып немесе
ішіндегісі төгілмес үшін пішімі мен
диаметрі дұрыс, орнықты ыдысты
қолданыңыз. Күйіп қалу қаупі бар.
1.7 Қақпақ
Қақпақтың техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған
кезде ашпаңыз.
Пештің үсті мен тұмшапеш әбден
суымайынша қақпақты жаппаңыз.
Шыны қақпақ (егер бар болса)
жарылып кетуі мүмкін.
ҚАЗАҚ 5
Page view 4
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 75 76

Comments to this Manuals

No comments