AEG KM5840302M User Manual Page 15

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 52
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 14
6.8 Қуат үнемдеу
Құрылғының күнделікті тамақ пісіру
кезінде қуат үнемдеуге көмектесетін
мүмкіндіктері бар.
Жалпылама кеңес
Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда
тұмшапеш есігінің жабық тұрғанына
көз жеткізіңіз және тағам пісіріп
жатқанда есікті мүмкіндігінше ашпауға
тырысыңыз.
Қуатты сақтау үшін темір ыдыстарды
пайдаланыңыз, микротолқын емес
функцияны қолданғанда ғана.
Егер мүмкін болса, тағамды салмай
тұрып пешті алдын ала қыздырмаңыз.
Тағам пісіретін уақыт 30 минуттан көп
болса, пісіру уақыты аяқталмай тұрып,
пісіру уақытының ұзақтығына
байланысты пеш температурасын 3 -
10 минутқа азайтыңыз. Тұмшапештің
ішіндегі қалдық қызу тағам пісіруді
жалғастыра береді.
Қалдық қызуды басқа тағамдарды
жылыту үшін пайдаланыңыз.
Желдеткішпен пісіру
Егер мүмкін болса, қуатты үнемдеу
үшін желдеткіші бар пісіру
функцияларын пайдаланыңыз.
Қалдық қызу
Кей қыздыру функцияларында Ұзақтық
немесе Аяқтау уақыты тәрізді уақытты
таңдауға болатын бағдарлама
таңдалып тұрса және пісіру уақыты 30
минуттан ұзақ болса, қыздыру
элементтері орнатылған уақыттан 10%
ертерек сөнеді. Желдеткіш пен шам
жұмыс істеуін жалғастыра береді.
Шамды сөндіріп пісіру
Пісіру кезінде шамды сөндіріңіз және
оны тек қажет болса ғана қосыңыз.
Тағамды жылы ұстау
Тағамды жылы ұстау үшін қалдық
қызуды қолданғыңыз келсе, ең төменгі
температура параметрін таңдаңыз.
Бейнебетте қалдық қызу
температурасы көрсетіледі.
Эко функциялары
"Қыздыру функциялары" тарауын
қараңыз.
ЭКО функциялары кезінде шам әдетте
сөніп тұрады. Шамды қайта қосуға
болады, бірақ қуат күтілген мөлшерде
үнемделмеуі мүмкін.
7. МИКРОТОЛҚЫН РЕЖИМІ
7.1 Микротолқынды пеш
Жалпы:
АБАЙЛАҢЫЗ
Құрылғының ішінде тағам
болмаса іске қоспаңыз.
Құрылғыны сөндіргеннен кейін,
тағамды бірнеше минут қоя
тұрыңыз. Микротолқынмен пісіру
кестелеріне қараңыз: қоя тұру
уақыты тарауын қараңыз.
Алюминий қағаздан жасалған
орамды, темір сауыттарды т.с.с.
тағам дайындар алдында алыңыз.
Микротолқын режимін қолданған
кезде бірден артық деңгейді
пайдалануды ұсынбаймыз.
Егер басқаша көрсетілмесе,
тағамды пештің табанындағы
табаққа салыңыз.
Егер мүмкін болса, тағамды үстелге
тарту алдында әрқашан
араластырыңыз.
Пісіру:
Егер мүмкін болса, тағамды
микротолқынға сай келетін
материалмен жауып пісіріңіз.
Тағамды қытырлақ етіп пісіргіңіз
келсе ғана, қақпақ жаппай пісіріңіз.
Қуат және уақыт параметрлерін
тым жоғары мәнге қойып, тағамды
қатты пісірмеңіз. Тағам кеуіп, күйіп
немесе оның кей жерлері жанып
кетуі мүмкін.
Құрылғыны жұмыртқаны және
шырыштарды қабығымен пісіру
үшін пайдаланбаңыз, себебі
жарылып кетуі мүмкін. Жұмыртқаны
қуыру үшін әуелі сарысын тесіп
алыңыз.
ҚАЗАҚ 15
Page view 14
1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ... 51 52

Comments to this Manuals

No comments