AEG F98870VI1P User Manual Page 17

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 80
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 16
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне
тимей немесе бірін бірі далдалап
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға немесе
аралас таблеткаларды пайдалануға
болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All
in 1''). Орамында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай орнатыңыз. ECO
бағдарламасын пайдаланып
қалыпты кірлеген ас үй құралдары
және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен
қуат барынша тиімді жұмсалады.
10.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
Аралас таблеткалар судың
кермектігі 21 °dH болатын аймақтар
үшін жарамды. Осы шектен асатын
аймақтарда шайғыш зат пен тұзды
аралас таблеткалармен бірге
пайдалану керек. Дегенмен суы
кермек және өте кермек аймақтарда
жуу және кептіру нәтижесі барынша
жақсы болуы үшін жеке жуғыш,
(қосымша функциялары жоқ
ұнтақты, гельді, таблеткаларды)
шайғыш затты және тұзды жеке-
жеке пайдаланыңыз.
Жуғыш таблеткалар қысқа
бағдарламаларда әбден ерімейді.
Жуғыш заттардың қалдықтары
ыдыстарға тұрып қалмас үшін
жуғыш таблеткаларды
пайдаланғанда ұзақ
бағдарламаларды қолдануды
ұсынамыз.
Жуғыш затты қажетті мөлшерден
артық пайдаланбаңыз. Жуғыш
заттың орамындағы нұсқауларды
қараңыз.
10.3 Жуғыш таблеткаларды
пайдалануды тоқтатқыңыз
келсе
Жуғыш затты, тұзды және шайғыш
заттарды жеке-жеке пайдалану
алдында келесі әрекетті орындаңыз.
1. Су жұмсартқыштың ең жоғары
деңгейін орнатыңыз.
2. Тұз және шайғыш зат
сауыттарының толы екеніне көз
жеткізіңіз.
3. Шаю циклы бар ең қысқа
бағдарламаны бастаңыз. Жуғыш
зат қоспаңыз және себеттерді
толтырмаңыз.
4. Бағдарлама аяқталған кезде, су
жұмсартқышты тұратын жеріңіздегі
судың кермектігіне қойыңыз.
5. Шайғыш заттың қосылатын
мөлшерін реттеңіз.
6. Шайғыш зат үлестіргішін белсенді
күйге көшіріңіз.
10.4 Себеттерді толтыру
Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада
жууға болатын заттарды жуу үшін
ғана қолданыңыз.
Ағаш, мүйіз, алюминий, қалайы
және мыстан жасалған заттарды
құрылғыға салмаңыз.
Құрылғыға су сіңіретін заттарды
(жөке, ас үй шүберектері)
салмаңыз.
Заттарға жабысқан тағам
қалдықтарын алыңыз.
Заттарға күйіп жабысқан
қалдықтарды жібітіңіз.
Шұңғыл ыдыстардың (мысалы,
кесе, стакан және кәстрөл) аузын
төмен қаратып салыңыз.
Ас құралдары мен ыдыс-аяқты
араласып кетпейтін етіп салыңыз.
Қасықтарды басқа ас
құралдарымен араластырып
салыңыз.
Стакандарды бір-біріне тигізбей
салыңыз.
ҚАЗАҚ 17
Page view 16
1 2 ... 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 ... 79 80

Comments to this Manuals

No comments