миксерге салып езбе жасаңыз.
Үгітілген ірімшік, жұмыртқа мен
кілегейден қосып, тұз бен мускат
жаңғағын салып дәмдеңіз. Гүлді
капуста қоспасын жақсылап май
жағылған 6 кішкене табақшаға
салыңыз. Күрішті дайындаңыз.
Пісірерден жарты сағат бұрын шараға
ұзын дәнді күріш, жабайы күріш, тұз,
бұрыш, көкөніс сорпасы мен суды
қосып салыңыз. Осы уақытта қызыл
бұрышты ұсақтап турап, күрішке
қосыңыз. Бүлдірген қосылған ваниль
білішін дайындаңыз. Жұмыртқаны,
жұмыртқаның сарысын қантпен
араластырыңыз. Ваниль собығының
дәнін қосыңыз. Сүт пен кремді қосып,
жақсылап араластырыңыз. Қоспаны
шыныаяқ немесе стакандардың 2/3
мөлшеріне дейін толтырыңыз.
Дайындау:
Тағамдардың бәрін пештің сөресіне
(1-4 деңгей) қойыңыз да,
бағдарламаны бастап, 40 минут
пісіріңіз. Піскеннен кейін ванильді
бәлішті суытып қойып, стаканға
бүлдіргендерді салып, үстін пістемен
безендіріңіз. Тәтті жүгерінің суын төгіп
тастап, піскен күрішке қосыңыз.
• Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
40
• Сөренің орналасуы: 1 + 4
12.3 Бу мәзірі 3:
4 адамға арналған.
Піскен картоп пен брокколи қосылған
бақтақ. Десертке арналған манго
қосылған кокос қайнатпа кремі.
Бақтаққа арналған құраластар:
• 4 бақтақ
• лимон шырыны
• тұз, бұрыш
Піскен картоптарға арналған
құраластар:
• 800 г картоп
• тұз
Бадам үлпектері қосылған брокколи
құраластары:
• 700 г брокколи
• 50 г бадам үлпектері
• шамалы сары май
Манго қосылған кокос пудингіне
арналған құраластар:
• 100 мл сүт
• 350 г кокос құрғақ сүті
• 4 жұмыртқа
• 80 г қант
• 1 қалбыр манго
Дайындау әдісі:
Бақтақты жуып, суын төгіңіз де, лимон
шырынын бүркіңіз. Шараға салыңыз.
10 минут тұздықталуы үшін қоя
тұрыңыз да, содан кейін дәмдеңіз.
Картопты аршып, төртке бөліңіз де,
шараға салып, татымына қарай
тұздаңыз. Сөрені құрылғыға қойып,
бағдарламаны бастаңыз. Брокколиді
жуыңыз да, шоқтарын бөліп, шараға
салыңыз. Манго қосылған кокос
пудингін дайындаңыз. Сүтті және кокос
сүтін араластырыңыз. Жұмыртқа мен
қантты шамалы шайқап, кокос сүтіне
қосыңыз. Қоспаны 6 кішкене пудинг
тостағына құйыңыз.
Дайындау:
Картопты құрылғыға салып (1-деңгей)
25 минут пісіріңіз, дыбыстық сигнал
естіледі. Басқа тағамдарды да пештің
сөрелеріне (1 және 4 сөрелері) қойып,
тағы 25 минут пісіріңіз. Бадам
ұлпаларын сары майға қызартып
қуырыңыз. Дастарқанға татар алдында
брокколидің үстіне бадам ұлпаларын
себіңіз. Пісіркеннен кейін кокос
қайнатпа кремін суытыңыз.
Дастарқанға тартар алдында манго
суын төгіп, езбе жасаңыз да,
қайнатпаны безендіріңіз. Су
тартпасына 650 + 400 мл су құйыңыз
• Құрылғының ішіндегі уақыты (мин):
25
• Сөренің орналасуы: 1 + 4
13. SOUSVIDE АС МӘЗІРІ КІТАБЫ
Тағамдар бірнеше санатқа бөлінген:
• Балық және теңіз тағамдары
• Құс еті
• Ет
• Көкөністер
www.aeg.com30
Comments to this Manuals