30
www.aeg.com
1. КЕҢЕСТЕР МЕН ҰСЫНЫСТАР
• Пайдалану туралы нұсқаулар осы құрылғының
бірнеше нұсқалары үшін пайдаланылады.
Сондықтан, мұнда құрылғыңызда жоқ жеке
мүмкіндіктер сипатталуы мүмкін.
• Қате немесе тиісті емес түрде орнату
нәтижесінде туындаған кез келген зақымға
өндіруші жауапты болмайды.
• Тамақ пісірушінің басы мен түтін сорғышқа
дейінгі арақашықтық – 650 мм (кейбір үлгілері
төмендеу орнатылуы мүмкін, өлшемдер мен
орнату туралы мәліметтерді тиісті бөлімдерден
оқыңыз).
• Сыртқы қуат көзінің кернеуі түтін сорғыштың
ішкі жағына бекітілген техникалық мәліметтер
тақтасындағы көрсеткіштермен сәйкес болуын
қадағалаңыз.
• 1-сынып құрылғылары үшін үйдегі қуат көзі
жерге тұйықтауды тиісті түрде қамтамасыз
ететінін тексеріңіз.
• Сорып алу құрылғысын диаметрі кем дегенде
120 мм түтікпен түтіндікке жалғаңыз. Түтіндіктің
ұзындығы мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс.
• Сорып алу құрылғысын отын жануынан пай-
да болған түтіндерді (қазандар, каминдер)
өткізетін түтіндіктерге жалғамаңыз.
• Егер шығару құралы электрлік емес
құрылғылармен іргелес қолданылса (мыса-
лы, газ жағатын құрылғылар), пайдаланылған
газдың кері шығуына жол бермеу үшін бөлмеде
жеткілікті ауа алмасуы деңгейі қамтамасыз
етілуі тиіс. Асүйде таза ауаның кіруіне кепілдік
беретін сыртқы ауамен тікелей байланы-
сатын саңылау болуы тиіс. Плита сүзіндісі
электрден басқа энергиямен жұмыс істейтін
құрылғылармен іргелес қолданылған кезде,
түтін плита сүзіндісінен кері кіруін болдыр-
мау үшін бөлмедегі теріс қысым 0,04 мб-дан
аспауы тиіс.
• Қуат сымы зақымдалған жағдайда, кез келген
қауіпті болдырмау үшін оны өндіруші немесе
техникалық қызмет көрсету бөлімі ауыстыруы
тиіс.
• Сорып алу құрылғысын тоққа контактілерінің
арасындағы аралығы 3 мм болатын екі полюсті
ауыстырып-қосқыш арқылы қосыңыз.
• Егер газды плитаның орнату нұсқамасында
оның ара-қашықтығы үлкен болу керек болса,
онда оны есепке алу қажет. Барлық ауа ал-
мастыру ережелері толық орындалуы керек.
2. ПАЙДАЛАНУ
• Сорып алу құрылғысы ас үйдің иісін кетіру
үшін тек үйде қолданылуға арналып жасалған.
• Сорып алу құрылғысын басқа мақсаттарда
пайдаланушы болмаңыз.
• Сорып алу құрылғысы жұмыс істеп тұрғанда
үлкен жалын отты пайдаланбаңыз.
• Оттың күшін тек табаның түбіне тиетіндей
реттеп, табаның шетінен шықпайтынына көз
жеткізіңіз.
• Терең ыдыста майды қыздырған кезде
абайлаңыз: аса қызған май тұтануы мүмкін.
• Түтін сорғыш астында тағамды ішімдік қосу
арқылы пісіру әдісін пайдаланбаңыз, ол өртке
қауіпті
• Бұл құрылғыны физикалық, сезу немесе ақыл-
ой қабілеті төмен, сондай-ақ, қауіпсіздігіне
жауапты адам кеңес немесе нұсқау бермеген
болса, тәжрибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
(балалар) пайдаланбауы тиіс.
• Балалар құрылғымен ойнамауын қамтамасыз
ету үшін оларды бақылап отыру керек.
• “САҚ БОЛЫҢЫЗ: Қол жететін бөліктер пісіру
құрылғыларымен бірге қолданған кезде ыстық
болуы мүмкін.”
3. ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ КӨРСЕТУ
• Кез келген жөндеу жұмыстарын жүргізбес
бұрын құрылғыны өшіру немесе тоқтан ағыту
керек.
• Белгіленген уақыт өткенде сүзгілерді тазалау
және/немесе ауыстырып отыру қажет (әйтпесе,
өрт шығу қаупі бар).
- W белсендірілген көмір сүзгілері. Бұл
сүзгілерді жууға болмайды әрі оларды
қалпына келтіру мүмкін емес, сондықтан
оларды 4 айда бір рет немесе көп
пайдаланылған кезде одан да жиі ауысты-
рып отыру қажет.
- Z май сүзгісін де тазалаңыз. Тұрақты жұмыс
істеп жүрген кезде сүзгілерді 2 ай сайын, ал
өте ауыр немесе жиі пайдаланылғанда одан
да жиі ауыстырып отырыңыз, оны ыдыс
жуғыш машинада жууға болады.
- Бақылау лампасы, егер болса.
• Сорып алу құрылғысын дымқыл шүберекпен
нейтрал тазартқыш затты пайдаланып таза-
лау керек.
Comments to this Manuals