AEG S58360CMM0 User Manual Page 9

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 72
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 8
4.9 FROSTMATIC
функциясы
FROSTMATIC функциясы жаңа
тағамды тездетіп мұздатумен қатар,
сақталып тұрған тағамдарды жылудың
әсерінен қорғайды.
1. Mode түймешігін тиісті белгі
көрінгенше басыңыз.
FROSTMATIC индикаторы
жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
FROSTMATIC индикаторы көрсетіледі.
FROSTMATIC функциясы
52 сағат өткенде
автоматты түрде сөнеді.
Функция автоматты түрде
сөнбей тұрып сөндіру үшін
FROSTMATIC индикаторы
сөнгенше қадамдарды
қайталаңыз.
4.10 ExtraHumidity
функциясы
Тоңазытқыштың ылғалдылығын
көбейту үшін ExtraHumidity
функциясын іске қосыңыз.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ExtraHumidity индикаторы
жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
ExtraHumidity индикаторы көрсетіледі.
Функцияны сөндіру үшін ExtraHumidity
индикаторы сөнгенше әрекетті
қайталаңыз.
4.11 MinuteMinder
функциясы
MinuteMinder функциясы мысалы,
рецепт бойынша тағамдарды біраз
уақыт суыту қажет болған кезде
қолдануға ыңғайлы дыбыстық
сигналды қалаған уақытқа орнату үшін
қолданылады.
Сондай-ақ, мұздатқыш бөлікке жылдам
суыту үшін қойылған бөтелкелерді
ұмытып кетпеу үшін де қолданылады.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
MinuteMinder индикаторы
жыпылықтайды.
Таймер орнатылған мәнді (30 минут)
бірнеше секунд көрсетіп тұрады.
2. Таймердің орнатылған мәнін 1 мен
90 минут аралығында өзгерту үшін
"Суығырақ температура" немесе
"Жылырақ температура"
түймешігін басыңыз.
3. OK түймешігін басып құптаңыз.
MinuteMinder индикаторы көрсетіледі.
Таймер жыпылықтай бастайды (min).
"Суығырақ температура" түймешігі мен
"Жылырақ температура" түймешігін
басып, уақытты кез келген сәтте, кері
санақ орындалып тұрған кезде және
аяқталған кезде өзгертуге болады.
Кері санақ аяқталған кезде
MinuteMinder индикаторы
жыпылықтайды да, дыбыстық сигнал
естіледі. Дыбыстық сигналды сөндіру
және функцияны біржола тоқтату үшін
OK түймешігін басыңыз.
Функцияны кез келген уақытта, кері
санақ орындалып тұрған кезде
функция қадамдарын индикатор
сөнгенше қайталау арқылы сөндіруге
болады.
4.12 ChildLock функциясы
Түймешіктерді кездейсоқ іске
қосылмау үшін бұғаттау үшін ChildLock
функциясын іске қосыңыз.
1. Mode тетігін тиісті белгі көрінгенше
басыңыз.
ChildLock индикаторы жыпылықтайды.
2. OK түймешігін басып құптаңыз.
ChildLock индикаторы көрсетіледі.
ChildLock функциясын сөндіру үшін,
әрекетті ChildLock индикаторы
сөнгенше қайталаңыз.
4.13 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса,
дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің
ашық тұрғандығы төмендегі белгі
арқылы көрсетіледі:
ескерту индикаторы
жыпылықтайды;
дыбыстық сигнал.
ҚАЗАҚ 9
Page view 8
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 ... 71 72

Comments to this Manuals

No comments