Aeg S72700DSW0 User Manual Page 4

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 40
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 3
Қорек сымы ашаның деңгейінен
төмен орналасуға тиіс.
Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
1.3 Қолданылуы
Бұл құрылғы үйде және сол сияқты
төменде аталған жерлерде
қолдануға арналған:
Дүкендердің, кеңселердің және
басқа жұмыс орындарының
қызметкерлерге арналған ас
бөлмелерінде
Фермадағы үйлерде
Қонақ үйлерде, мотельдер мен
басқа да тұрғынды жерлерде
Төсек және таңғы аспен
қамтамасыз ететін жерлерде.
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу, күйіп қалу, электр
тоғының қатеріне ұшырау
немесе өрт шығу қаупі бар.
Бұл тұрмыста қолдануға арналған
құрылғы.
Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
Электр құрылғыларын (мысалы,
балмұздақ жасағыш құрылғы) егер
өндірушісі арнайы көрсетпесе,
құрылғыға салуға болмайды.
Салқындатқыш жүйеге зақым
келтіріп алмас үшін абай болыңыз.
Оның құрамында изобутон (R600a),
қоршаған ортамен сыйысымдылығы
өте жоғары табиғи газ бар. Бұл
тұтанғыш газ.
Егер салқындатқыш жүйеге зақым
келсе, бөлмеде ешбір оттың
жалыны және тұтануға себеп
болатын көздердің болмауын
қамтамасыз етіңіз. Бөлмені
желдетіңіз.
Ыстық заттарды құрылғының
пластик бөліктеріне тигізбеңіз.
Газды сусындарды мұздатқыш
бөлікке қоймаңыз. Себебі сусынның
ыдысында қысым пайда болады.
Құрылғыда тұтанғыш газ бен
сұйықтықты сақтамаңыз.
Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
Компрессорға немесе
конденсаторға қол тигізбеңіз. Олар
ыстық.
Қолыңыз су немесе дымқыл болса
мұздатқыш бөліктегі заттарды
алмаңыз немесе ұстамаңыз.
Құрылғыдан балмұздақты алған
кезде дереу жемеңіз. Бірнеше минут
күте тұрыңыз.
Жібіген тағамды қайта мұздатпаңыз.
Мұздатылған тағамның орамындағы
тағам сақтау нұсқауларын
орындаңыз.
1.4 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу және құрылғыны
бүлдіріп алу қаупі бар.
Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын
розеткадан суырыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін сулы
спрейді және буды қолданбаңыз.
Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек
бейтарап тазартқыш заттарды
қолданыңыз. Жеміргіш заттарды,
түрпілі жөкені, еріткіштерді немесе
темір заттарды пайдаланбаңыз.
Мұздатқыштың су төгетін түтіктерін
уақытылы тексеріңіз, егер тазалау
керек болса тазалаңыз. Су ағатын
түтік бітелсе, еріген су құрылғының
табанына жиналады.
Бұл құрылғының салқындатқыш
жүйесінде көмірсутек бар. Жүйеге
күтім көрсету және оны қайта
толтыру жұмыстарын тек білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
1.5 Ішкі жарық шамы
Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған
жарықтама шам немесе галоген
шамы қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
4
www.aeg.com
Page view 3
1 2 3 4 5 6 7 8 9 ... 39 40

Comments to this Manuals

No comments